Мұнайгаз саласында сервистік қызметтер көрсету
ABE CORPORATION
МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНДА СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ
«ABE корпорациясы» АҚ жұмыс тәжірибесі мол және ол өз тапсырыс берушілеріне мұнай-газ кешенінің нысандарын дайындау, қызмет көрсету және пайдалану бойынша сапалы, қауіпсіз қызметтерді ұсынады.
Кәсіпорындар құбырөткізгіштердің техникалық күйін анықтаудан, технологиялық және жобалау режимдерінде әрі қарай пайдалану мүмкіндігін анықтаудан, құбыр өткізгіштердің қабырғаларында металлды жоғалтуға, құбыр өткізгіштердің ішкі геометриясын бұзылуына байланысты ақауларды, сақиналы жіктердің ақауларын және басқа аномалиялар мен ерекшеліктерді анықтаудан тұратын құбыр өткізгіштерге диагностика жасайды.
Өнеркәсіптік нысандардағы сызықты бөліктегі, сол сияқты алаң нысандарындағы тәуекелдерді басқарудың ықпалдастырылған жүйесі болып табылатын «RoAIMS» (Rosen Asset Integrity Management Software) бағдарламалық жасақтаманы енгізу бойынша қызметтер көрсетіледі.
БАСТЫ ЖОБАЛАР
Келесі кәсіпорындардың магистралды газ құбырларына және мұнай құбырларына ішкі құбырлық диагностика:
• «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
• «Интергаз Орталық Азия» АҚ
• «ҚазТрансОйл» АҚ
• «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС
• «Азия Газ Құбыры» ЖШС.
Ақтау БМҚС резервуарды зерттейтін пилоттық жобаны өткізу бойынша қызметтер.