«АҚСАЙАВТОТРАНС» АҚ

ABE CORPORATION

«Ақсайавтотранс» АҚ даму тарихы 1985 жылғы 1 ақпанда, “Оренбурггаздобыча” АТП негзінде Г.П “Казахгазпром” Технологиялық Көлік Цехы (ТКЦ) құрылғанда басталған. 1999 жылғы 08 желтоқсаннан бастап «Ақсайавтотранс» АҚ «АБЕ корпорациясы» АҚ кәсіпорындар тобына кіреді.

1985 жылдан бастап қазірге дейін кәсіпорын үнемі дамып келеді – көрсетілетін қызметтер көлемі ұлғаяды, жұмыс орындарының саны артады, үнемі жылжымалы құрам жаңартылып отырады, алып тұрған өндірістік алаң үлкейеді. Қазіргі кезде «Ақсайавтотранс» АҚ Қазақстандағы ірі көлік кәсіпорындардың бірі болып табылады. Өндірістік базалардың алаңы 15 га асады.

Авто жанармай станцияларынан, автожуу, қойма және кеңсе үй-жайлардан, ашық және жылытылатын техника тұрақтарынан, техникаға қызмет көрсету және жөндеу цехтарынан тұратын өндірістік базалар, 100 % инженерлік тораптардың болуы көлік кәсіпорнының қызмет ету процестерінің толықтығын қамтамасыз етеді.

Қызметтердің басты тапсырыс берушілері КПОб.в. және Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін басқа кәсіпорындар болып табылады.

Кәсіпорын құрылымындағы бір қатар ұйымдастырушылық өзгерістерге, оның мәртебесін бірнеше рет өзгертуге қарамастан, олармен орындалған жұмыстардың көлемі азаймай өсіп келеді, материалдық-техникалық база нығайтылып, қызметкерлердің шеберлігі мен біліктілігі артуда.

Ал ең бастысы, кәсіпорынның ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРГЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – ҰСТАНЫМЫ өзгеріссіз қалады.

«АҚСАЙАВТОТРАНС» АҚ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ АУҚЫМДЫ СПЕКТРІН ҰСЫНАДЫ:  

  1. Жолаушыларды қолайлы жеңіл автомобильдермен, сыйымдылығы 15 бастап 50 жолаушылар отыратын микроавтобустармен және автобустармен тасымалдау.
  2. Жүк көтергіштігі 1,5 тоннадан бастап 20 тоннаға дейін көлік құралдарын қолданып, жүктің бірнеше түрін (сұйық, сусымалы, қатты) тасымалдау.
  3. Арнайы көлік техникасын ұсынып, орындалатын қызметтер:
  4. Кеңселік үй-жайларды және ашық алаңдарды жалға беру.
  5. Техникаға және автотракторлы техниканың жеке түйіндеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет көрсету.
  6. Қолайлығы жоғары бір қабатты ғимараттарда қонақ үй кешенінің қызметін көрсету.
  7. Тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша қосалқы бөлшектер мен материалдарды жеткізуді қамтамасыз ету.

«Ақсайавтотранс» АҚ «АБЕ корпорациясы» АҚ кәсіпорындар тобына кіреді, бұл клиенттерге «Ақсайавтотранс» АҚ өңірдегі жетекші көлік серіктестігі ретінде көрсетілетін қызметтердің сапасына және сенімділігіне одан сайын сенімді болуға ықпал етеді.

ЖҰМЫС ПРОЦЕССІ

АРНАЙЫ ЖАБДЫҚ

ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сертификаттар мен алғыс хаттар