«НИИСТРОМПРОЕКТ» ЖШС

ABE CORPORATION

1932 ж. Республикада алғашқы техникалық институт ретінде негізі қаланған «НИИстромпроект» ЖШС қазіргі таңда ҚР құрылыс материалдарын (азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, өнеркәсіптік инжиниринг және құрылыс жолдары) инспекциялау және сынау, сертификациялық сынау, құрылыс бұйымдарының сапасы бақылау, нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеу, құрылым материалдарының технологиясы, жобалау саласындағы басты орталық болып табылады.

СЕРТИФИКАЦИЯЛЫҚ СЫНАҚТАР  

Тәуелсіз зертхана ретінде «НИИстромпроект» ЖШС материалдардың техникалық сипаттізімдерге, ҚР МЕМСТ, ASTM, BS, AASHTO стандарттарына және басқа мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға сәйкестікке сынауды орындайды.

«НИИстромпроект» ЖШС бетон, топырақ, цемент, агрегаттар, ерітінділер, металлдар, металл құрылымдары, дәнекерлеу жалғаулары, асфальтты бетон және басқара сияқты құрылыс және басқа материалдар мен бұйымдардың 100 асатын түрлеріне сертификациялық сынақтар жасайды. 

ЖЕКЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

«НИИстромпроект» ЖШС жеке материалдық-техникалық базасы бар: материалдар инспекциясын, сынауды жоғарғы сапалы деңгейде орындау үшін қажетті ELE International, Controls, Troxler және т.б. өндіріс жабдығының толық кешені, түрлі өндірістік және қосалқы құралдар, калибрлеу құрылғылары және мобильді зертханасы, сынақ зертханасы, ғылыми кітапханасы, мұрағаты бар.

Сынақ зертханасы (№ КZ.И.02.0675 аккредиттеу сертификаты) аккредиттеудің қажетті саласына сәйкес мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық нормалар мен стандарттарға сай орындайды.

БІЛІКТІЛІГІ ЖОҒАРҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

«НИИстромпроект» ЖШС саласына сәйкес тәжірибелері бар 55 маман қызмет етеді, оның ішінде 5 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты қызмет етеді. Инженерлердің басым бөлігінде Қазақстан, Германия, Ұлыбритания, Ресей ЖОО дипломдары бар және компанияда тұрақты және жобалық негізде жұмыс істейді. Жобалардың қажеттілігіне байланысты уақытша қызметкерлер де тартылуы мүмкін.

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

«НИИстромпроект» ЖШС аталған жұмыстар түрлерін тиісті деңгейде және жоғарғы сапада орындау үшін барлық қажетті лицензиялар мен рұқсаттар бар.

2003 жылы «НИИстромпроект» ЖШС ISO 9001:2000 халықаралық стандарттар базасында менеджмент жүйесін енгізді. Өзекті мамандар оқудан өтті және РМІ сертификаттарын алды.

Scroll Up