«АВЕ-ТМД» ЖШС 2008 жылдан бастап құбырішілік диагностика бойынша қызмет көрсетеді. Осы уақыт ішінде шетелдік серіктестермен бірлесіп 15634,38 км астам құбыр жолдары тексерілді. Жобаларды іске асыру барысында тәжірибе жинақталды, ол ҚР-да құбырішілік диагностика бойынша тәуелсіз жергілікті қызметтер жеткізушісін құруға мүмкіндік береді.
2020 жылы 1414,9 шақырым жол тексерілді. 2021 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ шарты бойынша Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының жалпы ұзындығы 1917,5 км магистральдық құбырларының 14 учаскесі тексерілетін болады. «АВЕ-ТМД» ЖШС ұжымы қызметтерді мерзімінде сапалы орындауға барынша күш салады.