ЖШС «КАЗИНТЕРФРАХТ-АҚСАЙ» көлік-экспедициялық компаниясы»

ABE CORPORATION

Қазіргі таңда «Казинтерфрахт-Ақсай» көлік-экспедициялық компания» ЖШС Батыс өңірде және Қазақстанда жалпы жұмыс көлемі бойынша ірі кәсіпорындардың бірі.

1997 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметімен және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» Қарашығанақ кен орнының серіктестерімен мұнайдың әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз ететін жаңа өндірістік нысандарды міндетті түрде салумен, 40-жылдық «Өнім Бөлімі туралы Ақырғы Келісімге» қол қойылды. Міндеттемені орындау үшін кен орнына олардың теміржолы арқылы құрылыс материалдарын жеткізумен қамтамасыз ету, ал құрылыс аяқталғаннан кейін жүктерді кен орнынан сол сияқты теміржол арқылы тасымалдау талап етілді. Осыған орай, аталған қызметтерді жоғарғы деңгейде қамтамасыз ете алатын компанияны тарту қажет болды. Осы мақсатта Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1999 жылы 07 қыркүйекте «Казинтерфрахт-Ақсай» көлік-экспедициялық компания» ЖШС құрылып, тіркелді.

КОМПАНИЯНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ:

  • Пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру;
  • Экспедициялау;
  • Қазақстан және ТМД елдерінің аймағында экспорттық-импорттық, транзиттік, ішкі республикалық теміржол тасымалдарын ұйымдастыру.

Компаниямен Жол шаруашылығына, ДОБ, байланыс, электрмен жабдықтау, газбен және сумен жабдықтау шаруашылықтарына қызмет көрсету бойынша жұмыстар атқарылады.

Компанияның ТМБ цехы ҚР стандарттарына сәйкес және талаптарына сай темірбетонды бұйымдар шығарады, оны дайындаушы кәсіпорынның  сапа паспорты және көптеген құрылыс ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықтың ұзақ тәжірибесі растайды.

Жұмысты қамтудың маңызды сәттерінің бірі қызметкерлерді жұмыс орнына дейін және қайта қауіпсіз жеткізу болып табылады. ол үшін компаниямен Атырау –Болашақ – Карабатано және Ақтөбе – Жем – Жаңажол бағыттары бойынша жолаушылар пойыздарының жүруі ұйымдастырылған.

«Казинтерфрахт-Ақсай» көлік-экспедициялық компания» ЖШС өз қызметінде жазатайым оқиғалардың алдын алу, қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау бойынша бекітілген саясатты қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және жұмыс орындарының ОНSАS 18001:2007 кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйесінің талаптарына, сонымен қатар  МС ИСО 14001:2004 экологиялық менеджмент жүйесіне сәйкес құру жолымен ұстанады. 

«Казинтерфрахт-Ақсай» көлік-экспедициялық компания» ЖШС Қазақстан Республикасының ресми экспедиторы, Қазақстанның Экспедиторлар Бірлестігінің (ҚЭБ) шынайы мүшесі, Тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторының (ҚазТПО) мүшесі болып табылады.

Компания жұмыс істеген кезінде оған «Успешная компания 2006» (Сәтті компания 2006), «Надежный партнер» (Сенімді серіктес), «Лидер экспедиторского бизнеса» (Экспедиторлық бизнестің көшбасшысы) деген атақтар, «За высокое качество в деловой практике» (Іскерлік тәжірибедегі жоғарғы сапа үшін) куәлігі, сонымен қатар бір қатар құрмет грамоталары мен алғыс хаттары берілді.

Серіктестікпен ИСО 9001:2008 сапа менеджмент жүйесінің,  ИСО 14001:2004 денсаулық және өндірістегі қауіпсіздік менеджмент жүйесінің, ОНSАS 18001:2007 экологиялық менеджмент жүйесінің стандарттарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандартына сәйкес ықпалдастырылған халықаралық менеджмент жүйелерінің стандарттары сәтті енгізілді. Қазіргі таңда Компания 3 ұйыммен – Қазақстандық сапа орталығымен, «Русский Регистр» бірлестігімен және IQNET штаб пәтермен сертификатталған. Сонымен қатар теміржол көлігінде экспедиторлық қызметке сәйкестік сертификаты бар.

ЖҰМЫС ПРОЦЕССІ

Сертификаттар мен алғыс хаттар