«ABE-СНГ» ЖШС

ABE CORPORATION

«ABE-СНГ» ЖШС

«АВЕ-СНГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және 2008 жылғы 30 қаңтарда тіркелген. 2010 жылғы 29 қарашада Серіктестік қатысашылар құрамын өзгертіп, «АВЕСпецнефтегаз Интеринж» ЖШС атауын «АВЕ-СНГ» ЖШС атауына өзгертумен және Серіктестіктің жарғысына сәйкес өзгерістер енгізумен қайта құрылды.

ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ:

  1. Магистральді құбырларға, басты және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу (алдын алу, қарау, техникалық күйін бақылау, дәнекерлеу жіктерінің күйіне, жалғанған орындар мен бекіткіштерге диагностика жүргізу).
  2. Сорғы-компрессорлық станциялардың және магистралды құбырлардың сызықты бөлігіне, соның ішінде су асты өткелдердің жабдықтарына диагностика жасау.

Серіктестіктің сапа және менеджмент жүйесі көрсетілетін қызметтерге қолданылатынын куәландыратын сәйкестік сертификаты бар, және ол ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес келеді.

ШОЛУ АҚПАРАТЫ

  1. Ішкі құбыр диагностика жүйесі магистралды мұнай құбырларының сызықты бөлігіне диагностика жасау жүйесінің басты құраушы бөлігі болып табылады. мұнай құбыры бөлігіне диагностика жасаған кезде барлық жұмыс түрлерінің қауіпсіздігі қарастырылады. Техникалық диагностика мәселелері құбыр қабырғаларында және дәнекерлеу жіктерінде ақаулардың болуын және параметрлерін (магистралды мұнай құбырлары бөлігіне ішкі құбырлық инспекция жасау кезінде алынған ақпарат негізінде) анықтаудан, қауіптілік дәрежесі бойынша және шешімді қабылдау бойынша ақауды жіктеуден тұрады:

    • Жобалау режимдерінде магистралды газ құбырларын пайдалану мүмкіндігі туралы;
    • Пайдаланудың төмендетілген режиміне ауысу мүмкіндігі туралы;
    • Мұнай құбыры бөлігінде жөндеу жүргізу қажеттілігі туралы (оны өткізу орнын нақты көрсетумен).

    Техникалық диагностика (ТД) нысандардың күйін белгілі дәлдікпен анықтауды болжайды, бұл ретте осы процестің нәтижесі нысанның орнын, қажет болса, ақау түрі мен себебін көрсетумен техникалық күйі туралы қорытынды болуы тиіс.

    Құбыр өткізгіштер ТД жүйесінің заманауи жүйелері құрылысы мен пайдалану кезеңдерінде нақты күйі туралы ақпаратты алу құралдары ғана емес, сапа мен сенімділікті бақылаудың белсенді органдары болып табылады. құбыр өткізгіштерді салу және пайдалану кезеңдерінде ТД осы нысанның тікелей техногенді әсер ету аймағындағы нақты экологиялық жағдайды объективті бағалауға мүмкіндік береді. 

БІЗДІҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР

  1. Қазіргі қызмет ету кезінде «АВЕ-СНГ» ЖШС «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «Азия газ құбыры» ЖШС магистралды газ құбырларына, мұнай құбырларына ішкі құбырлық диагностика жасау бойынша қызметтер көрсетеді.