Компанияның қарулану арсеналында «Сайга-410», «Вепрь-12 молот» карабиндер, МР-133, МР-135, «ИЖ-181», «Benelly» винчестерлер кіретін 12/76 калибрлі дара оқпен ату үшін арналған тегіс ұңғымалы атыс қаруы ғана кіреді. Барлық бар қару мамандандырылған атыс алаңдарында міндетті атып сынаудан өткен.
Біздің компанияның жұмыс істеген кезінде қызметтік қаруды қолдану жағдайы тіркелмеді.
Компанияның қызметтік автокөлік паркінде 18 бірлік бар, оның 2 бірлігі «Toyota Coaster” маркалы автобустар, 3 бірлік – сыйымдылығы 11 адам «Газель» маркалы микроавтобустар, сонымен қатар 13 бірлік жеңіл автокөлік бар.
Мобильді жылдам әрекет ету тобын (МЖӘТ) қамтамасыз ету үшін қосымша мобильді радиостанциямен жабдықталған, тұрған орыннан нысанға дейін бару уақыты 5 минуттан аспайтын, өтімділігі жоғарғы автомобильдер («Lada-21214») қолданылады. ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008) сертификаты — № KZ O.02.0028, КСС № 0052373, KZ. 7500028,07.03.00114 сапа менеджмент жүйесі компанияның күделікті қызметіне және құжаттамасына ISO стандарттарын енгізу жолымен 06.04.2016 жылы алынды. Енгізу барысында жұмыстағы анықталған барлық кемшіліктер мен сәйкессіздіктер жойылған ішкі және сыртқы аудит өткізілді.
Сертификат 06.04.2019 жылға дейін жарамды. Алматы қ. «Қазақстандық Сертификаттау Орталығы» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органмен берілді.