«БЕК-SECURITY» ЖШС

ABE CORPORATION

«АВЕ корпорациясы» АҚ басқаруындағы «Бек-Security» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күзет қызметінің субъектісі ретінде Қазақстанның күзет қызметі нарығында 16 жылдан артық қызмет етеді және мемлекеттік және өнеркәсіптік нысандардың қауіпсіздігін ҚР Заңнамасына (19.10.2000 жылғы Күзет қызметі туралы заң) сәйкес қамтамасыз етеді. 

Компанияның № 000321 лицензиясы бар. Қазақстан Республикасының бүкіл аймағында күзет қызметінің барлық түрлерін көрсету үшін қажетті материалдық техникалық және еңбек ресурстарына ие.  

«БЕК-SECURITY» ЖШС

ҚР «Күзет қызметі туралы» 19.10.2000 ж. Заңға сәйкес «Бек-Security» ЖШС күзетші лауазымына тағайындалған, сәйкес құжаттары жоқ барлық үміткерлер ҚР Күзет ұйымдар бірлестігінің Арнайы оқыту орталықтарында және басқа оқыту орталықтарда күзетші куәлігін алумен қажетті кәсіби даярлықтан өтеді. Жұмысқа қабылдаудың міндетті шарты үміткерлерде соттылықтың болмауы және психикалық, есірткіге тәуелділік бойынша түрлі қарсы көрсетілімдердің болмауы болып табылады.

«Бек-Security» ЖШС компаниясы өз қызметін құқық қорғау органдарымен тығыз өзара байланыста ұйымдастырады және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық етеді.

«Бек-Security» ЖШС күзет агенттігінің басшылығы компанияның саясатында көрсетілген барлық қағидаларды сақтау мен орындау үшін және ҚР СТ ISO 9001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес жеке жауапкершілік артады.

10 жыл бойы біздің жұмысқа байланысты сот талқысына және өзге талқыларға қатысты бірде бір дерек болмағанын атап өткен жөн.

«Бек-Security» ЖШС күзетшілер толықтай арнайы фирмалық киім-кешекпен жабдықталған. 

Бекетте үнемі қызметтік қаруды ұстап қызметті атқаруды ұйымдастыру үшін компаниямен облыстардағы ІІД ЛРЖ қызметтік тегіс ұңғымалы атыс қаруын алып жүруге, сақтауға және пайдалануға құқық беретін сәйкес рұқсаттар рәсімделеді.

Күзет-режимдік шаралар «Бек-Security» ЖШС түрлі санаттағы күрделі күзет 20 асатын нысандарда жасалады.

ҚАРУ-ЖАРАҚ АРСЕНАЛЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІК ПАРКІ

Компанияның қарулану арсеналында «Сайга-410», «Вепрь-12 молот» карабиндер, МР-133, МР-135, «ИЖ-181», «Benelly» винчестерлер кіретін 12/76 калибрлі дара оқпен ату үшін арналған тегіс ұңғымалы атыс қаруы ғана кіреді. Барлық бар қару мамандандырылған атыс алаңдарында міндетті атып сынаудан өткен.

Біздің компанияның жұмыс істеген кезінде қызметтік қаруды қолдану жағдайы тіркелмеді.

Компанияның қызметтік автокөлік паркінде 18 бірлік бар, оның 2 бірлігі «Toyota Coaster” маркалы автобустар, 3 бірлік – сыйымдылығы 11 адам «Газель» маркалы микроавтобустар, сонымен қатар 13 бірлік жеңіл автокөлік бар.

Мобильді жылдам әрекет ету тобын (МЖӘТ) қамтамасыз ету үшін қосымша мобильді радиостанциямен жабдықталған, тұрған орыннан нысанға дейін бару уақыты 5 минуттан аспайтын, өтімділігі жоғарғы автомобильдер  («Lada-21214») қолданылады. ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008) сертификаты — № KZ O.02.0028, КСС № 0052373, KZ. 7500028,07.03.00114 сапа менеджмент жүйесі компанияның күделікті қызметіне және құжаттамасына ISO стандарттарын енгізу жолымен 06.04.2016 жылы алынды. Енгізу барысында жұмыстағы анықталған барлық кемшіліктер мен сәйкессіздіктер жойылған ішкі және сыртқы аудит өткізілді.

Сертификат 06.04.2019 жылға дейін жарамды. Алматы қ. «Қазақстандық Сертификаттау Орталығы» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органмен берілді. 

Мерзім сайын МЖӘТ қолданатын компания қызметкерлерімен мүмкін болатын экстремальды жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру бойынша теориялық және тәжірибелік жаттығулар өткізіледі.

Scroll Up