Сапаны зертханалық бақылау
ABE CORPORATION
САПАНЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Құрылыс және құрылыс материалдарының сапасын бақылау саласында Бірлестікпен келесі қызметтер түрі көрсетіледі:
- Автомобиль және теміржол құрылысы кезінде құрылыс материалдарына, асфальтты бетонға және топыраққа зертханалық және дала сынақтарын жасау;
- Материалтану саласындағы консалтинг және біліктілікті арттыру;
- Құрылыс материалдарының зертханасы үшін мамандарды оқыту және даярлау;
- Құрылыс материалдар өндірісінің күйіне ақпараттық-талдау сараптамасын жүргізу.
БАСТЫ ЖОБАЛАР
«KPO B.V.»
- Мұнай-газ өнеркәсіп жабдықтарындағы дефектоскопия және техникалық диагностика бойынша қызметтер.
- Ақсай қ. және Қарашығанақ мұнай және газ кен орнында «KPOb.v.» компаниясының барлық нысандарына толық инспекция жасау.
- Қатты тұрмыс, сұйытылған және басқа өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге асыру.
«PFD INTERNATIONAL»
- Теңіз кен орнында екінші буын зауытының жобасын және шикі газды кері қотару жобасын орындау барысында құрылыс барысының және құрылыс материалдар сапасына бақылау жасау.
«ДОСЖАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ
- «Шар-Өскемен» теміржол торабының құрылысы және «Жетіген-Қорғас» жаңа теміржол торабының құрылысы барысында «Troxler» бірегей құралды қолдану арқылы экспресс әдіспен топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығын сынау.
- Алматы қаласындағы метро, жол айырықтары мен көпірлердің күрделі құрылысы барысында бетонды, топырақ пен басқа құрылыс материалдарын сынау.
- Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай тау-байыту комбинатының құрылыс алаңындағы жалпы құрылыс және бетон жұмыстарына арналған зертхана қызметтері.
«KAZ MINERALS PLC» ЖШС
- Дала жағдайында топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығын сынау.
- Ақтоғай тау-байыту комбинатының құрылысы кезінде бетон жұмыстарының сапасын бақылау.
«ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ» ММ
- Жаңа экологиялық таза қуатты сақтайтын жылу оқшаулағыш материалдың – тығыздығы 200 кг/м3 автоклавтық емес қатайғыш өте жеңіл ұяшықты бетон технологиясын дайындау.
- Тығыздығы 200 кг/м3 автоклавтық емес қатайғыш өте жеңіл ұяшықты бетон өндірісі бойынша пилоттық желіні құру.
«ТЕМІРБЕТОН-1» ЖШС
- Соңғы буынды гиперпластификаторларды қолданып, темірбетонды бұйымдар үшін оңтайландырылған құрамдарды дайындау.
- Қалдықтарды қолданып, өздігінен тығызданатын бетон құрамын дайындау және енгізу.