Сапаны зертханалық бақылау

ABE CORPORATION

САПАНЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Құрылыс және құрылыс материалдарының сапасын бақылау саласында Бірлестікпен келесі қызметтер түрі көрсетіледі:

  • Автомобиль және теміржол құрылысы кезінде құрылыс материалдарына, асфальтты бетонға және топыраққа зертханалық және дала сынақтарын жасау;
  • Материалтану саласындағы консалтинг және біліктілікті арттыру;
  • Құрылыс материалдарының зертханасы үшін мамандарды оқыту және даярлау;
  • Құрылыс материалдар өндірісінің күйіне ақпараттық-талдау сараптамасын жүргізу.

БАСТЫ ЖОБАЛАР

«KPO B.V.»

  • Мұнай-газ өнеркәсіп жабдықтарындағы дефектоскопия және техникалық диагностика бойынша қызметтер.
  • Ақсай қ. және Қарашығанақ мұнай және газ кен орнында «KPOb.v.» компаниясының барлық нысандарына толық инспекция жасау.
  • Қатты тұрмыс, сұйытылған және басқа өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге асыру.

«PFD INTERNATIONAL»

  • Теңіз кен орнында екінші буын зауытының жобасын және шикі газды кері қотару жобасын орындау барысында құрылыс барысының және құрылыс материалдар сапасына бақылау жасау.

«ДОСЖАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ

  • «Шар-Өскемен» теміржол торабының құрылысы және «Жетіген-Қорғас» жаңа теміржол торабының құрылысы барысында «Troxler» бірегей құралды қолдану арқылы экспресс әдіспен топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығын сынау.
  • Алматы қаласындағы метро, жол айырықтары мен көпірлердің күрделі құрылысы барысында бетонды, топырақ пен басқа құрылыс материалдарын сынау.
  • Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай тау-байыту комбинатының құрылыс алаңындағы жалпы құрылыс және бетон жұмыстарына арналған зертхана қызметтері.

«KAZ MINERALS PLC» ЖШС

  • Дала жағдайында топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығын сынау.
  • Ақтоғай тау-байыту комбинатының құрылысы кезінде бетон жұмыстарының сапасын бақылау.

«ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ» ММ

  • Жаңа экологиялық таза қуатты сақтайтын жылу оқшаулағыш материалдың – тығыздығы 200 кг/м3 автоклавтық емес қатайғыш өте жеңіл ұяшықты бетон технологиясын дайындау.
  • Тығыздығы 200 кг/м3 автоклавтық емес қатайғыш өте жеңіл ұяшықты бетон өндірісі бойынша пилоттық желіні құру.

«ТЕМІРБЕТОН-1» ЖШС

  • Соңғы буынды гиперпластификаторларды қолданып, темірбетонды бұйымдар үшін оңтайландырылған құрамдарды дайындау.
  • Қалдықтарды қолданып, өздігінен тығызданатын бетон құрамын дайындау және енгізу.
Scroll Up