Құрылыс материалдар технологиялары саласында ғылыми зерттемелер

ABE CORPORATION

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАР ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕМЕЛЕР

Қазақстандағы техникалық саладағы бірінші институт ретінде 1931 жылы құрылған «НИИСТРОМПРОЕКТ» ЖШС бүгінгі таңда құрылыс материалдары мен бұйымдар технологиялары саласындағы бас ғылыми орталығы болып табылады.

Институтта бірегей технологиялар өндірісін ұйымдастыру және құрылыс материалдары мен бұйымдарының тиімді түрлерін шығаратын зауыттар үшін жаңа ғылыми-техникалық зерттемелері, өздігінен тығызданатын, төзімділігі өте жоғары, өте жеңіл дыбыс сіңіргіш, дыбыс оқшаулағыш бетон түрлерінің технологиялары мен құрамдары, монолитті көбікті бетонның сыртқы және ішкі қоршау құрылымдарын салу технологиялары бар.

ИНСТИТУТТЫҢ БАСТЫ ЗЕРТТЕЛІМДЕРІ:

  • Өнеркәсіптік мұнайхимиялық, химиялық, май және басқа салаларының жанама өнімдері негізінде жасалатын құрылыс материал өндірісі үшін отандық химиялық түрлендіргіш-қоспалар технологиясы.
  • Базальт талшығы мен фибробетон өндірісі бойынша технология.
  • Жылу энергетикалық станциялардың (ЖЭС) күлі негізінде отқа төзімді және керамикалық материалдарды алу.
  • Физикалық және экономикалық көрсеткіштері жетілген соңғы буындағы гиперпластификаторлар негізінде бетонның оңтайландырылған құрамдары дайындалды және енгізілді.
Scroll Up