«ABE ENERGY SERVICES» ЖШС

ABE CORPORATION

«ABE Energy Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізі 2004 жылы қаланған. Компания логистика, тасымалдау, консервациялау, кедендік рәсімдеу, жүктерді сақтау және сүйемелдеу саласында толық қызмет спектрін ұсынады. «ABE Energy Services» Қазақстан Республикасының мұнай кен орындарының басты Жобаларына ұзақ мерзімді қызмет көрсетеді.

ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР: 

  • Кез келген күрделі тиеу-түсіру жұмыстары;
  • Ең қысқа мерзімде және ең жылдам транзит бойынша жүктің кез келген түрін қауіпсіз тасымалдау;
  • Теміржолмен тасымалдау;
  • Автомобильмен тасымалдау;
  • Көтергіш кранның қызметі;
  • Айырлы ұстап алатын авто жүк тиеуіш, жол талғамайтын айырлы жүк тиеуіш және көтергіш техниканың барлық түрлері бойынша қызметтер;
  • Контейнерлік тасымал үшін бүйірінен тиейтін жүк тиеуіш қызметтері;
  • Құбырлы тіркеме қызметтері;
  • Кез келген күрделі тиеу және тасымалдау қызметтері;
  • Басқа арнайы техника қызметтері.

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ

«ABE Energy Services» Тасымалдау бөлімінің автомобиль паркінде 70 бірліктен асатын түрлі техниканың түрі бар, соның ішінде «Kамаз», «Урал», «Мерседес» тартқыштар, 40 тонналық жол талғамайтын төмен жиекті автомобиль цистернасы, борты жоқ платформалы автомобиль цистернасы, 25-, 40-, 60- және 70-тонналық жол таңдамайтын көтергіш крандар, бульдозерлер, кері күрек типті экскаваторлар, қоймалық жүк тиегіштер, жол талғамайтын фронталды жүк тиегіштер, жеңіл көлік құралдары және басқа арнайы техника.

Келетін және кететін жүктерді сақтау үшін компания өзінің қоймалық үй-жайларын қолданады. «ABE Energy Services» көлік құралдары Қазақстанның (Атырау, Ақсай және Ақтау) түрлі базаларында және жұмыс алаңдарында орналасқан.  

БРОКЕРЛІК КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТТЕР 

«ABE Energy Services» Батыс Қазақстандағы басты мұнай және газ компаниялары үшін кедендік тазартудың барлық қажетті процестерін орындауды қамтамасыз ететін ішкі брокерлік бөлімі бар, және келесі қызметтерді көрсетеді: 

  • Импортталған/экспортталған жүк үшін кедендік тазарту;
  • HS-кодты анықтау, кедендік баж салықтарын есептеу;
  • Кедендік қоймаларда және уақытша сақтау қоймаларында ұстау;
  • Кедендік заңдарға қатысты кеңес беру;
  • HS-кодты сәйкестендіру үшін құжаттарды аудару.

КОНСЕРВАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР

2009 жылдан беру «ABE Energy Services» сол сияқты мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың тиімді халықаралық тәжірибесіне сәйкес, сатушының/жеткізушінің кеңестеріне, жобалау құжаттамасына немесе Тапсырыс берушіден алынған нұсқаулықтарға сай көрсетілетін консервациялау бойынша кәсіби қызметтер көрсетеді.

СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТТАРЫ

Көрсетілетін қызметтерді жетілдіру мақсатында “ABE Energy Services” ЖШС халықаралық сапа стандарттарын енгізді және оларды ұстанады. 

ЖҰМЫС ПРОЦЕССІ

Сертификаттар мен алғыс хаттар