ТОО «ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫС-АТЫРАУ»
ABE CORPORATION
«Теміржол құрылыс — Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының аумағында, Атырау облысының Атырау қаласында орналасқан және Атырау қ. Әділет басқармасында тіркелген Құрылтай шарты мен Жарғы негізінде құрылды. Ұйымдық-құқықтық нысаны: Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Өзіндік балансы, банктерде шоттары бар, өздігінен шарттар жасасады, салық төлеуші ретінде тіркеуде бар. ТКА компаниясының қызметкерлер штатын 570 адам құрайды. Бүкіл қызметкерлер құрамы қазақстандық азаматтар.
ТКА КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ:
- автомобиль және темір жолдар;
- көпірлердің құрылысы;
- ғимараттар мен үй-жайлар құрылысы;
- теміржол құрылысы кезінде орталықтандыру және бұғаттау дабылын салу;
- теміржолдағы байланыс және электрмен жабдықтау;
- аймақтарды абаттандыру (аймақты асфальттау, тас төсеуіштерді салу, көгалдандыру);
- жер және бетон жұмыстар;
- тиеу-түсіру және көлік қызметтері;
- ЖЖАК бойынша техникалық қызмет көрсету;
- Зертханалық қызметтер (құрылыс материалдарын сынау және зерттеу);
- Құбыр өткізгіштерді салу;
- Асфальтты бетонды қоспаны және битумды эмульсияны дайындау;
- Түрлі фракциядағы қиыршық тас шығару.
Ресурстар және материалдық-техникалық база: Атырау қ. жалпы ауданы — 1278 м2 кеңселер, жабық қоймалар — 1500 м2, ашық алаңдар — 3250 м2, темір жолдың тұйықталған басы – 300м, жабдықты жөндеуге және қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар — 1200 м2, асфальтты бетонды зауыт, подъезді теміржолдары бар ұсақтау-реттеу зауыты, арнайы техника – 40 бірлік, автокөлік – 100 бірлік, жабдық пен механизмдер – 42 бірлік, өнімділігі сағатына 2 м/куб су-битумды эмульсияны дайындайтын қондырғы.
Компанияның иелігінде Карабатонда орналасқан, заманауи геодезиялық жабдығы қолданылатын GPS, Leika, Hilti геодезиялық қызмет, Карабатонда орналасқан құрылыс зертханасы (инертті материалдарды, асфальтты бетонды қоспаны, бетонды, цементті, топырақты және т.б. сынауға аккредиттелген),ЕСКЕНЕ топырақ карьері, магистралды су құбырынан техникалық суды алатын – топырақты тығыздау кезінде және басқа техникалық қажеттілік үшін қолданылатын, тәулігіне 450м3 шығаратын пункт, 140 бірлік автокөлік пен құрылыс техникасы, 42 бірлік жалпы құрылыс жұмыстарын: бетон, жол (шөпті гидросалу әдісімен жабынның қиғаштығын бекіту), монтаждау, дәнекерлеу, тиеу-түсіру жұмыстарын орындау үшін арналған жабдықтар мен механизмдер бар.
ТКА компаниясы сапаны басқару жүйесінің барлық талаптарын сақтау бойынша міндеттемені өзіне алады. Сол сияқты компания ISO 9001:2008 халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес сапаны басқару жүйесінің тиімділігін үнемі жақсартып отыру қажеттілігін түсінеді.
«Теміржол құрылыс — Атырау» ЖШС өз қызметін белгіленген тәртіпте қабылданған ҚР заңнамасын, Жарғыны және шешімдерді басшылыққа алып, олардың құзыреттігі шегінде атқарады.ТКА компаниясы сапаны басқару жүйесінің барлық талаптарын сақтау бойынша міндеттемені өзіне алады. Сол сияқты компания ISO 9001:2008 халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес сапаны басқару жүйесінің тиімділігін үнемі жақсартып отыру қажеттілігін түсінеді.
«Теміржол құрылыс — Атырау» ЖШС өз қызметін белгіленген тәртіпте қабылданған ҚР заңнамасын, Жарғыны және шешімдерді басшылыққа алып, олардың құзыреттігі шегінде атқарады.
2003 жылы енгізіліп, жыл сайын расталады:
- ИСО 9001:2008 сапа менеджмент;
- ИСО 14001:2004 экологиялық менеджмент;
- OHSAS 18001:2007 кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы менеджмент жүйелері;
- Компания жобаларының жетекшілерінде ІPMA сертификаттары бар.
Үй-жайларды жалға беру, кейтеринг
Теміржол құрылыс — Атырау ЖШС-де активтердің үлкен тізбесі бар, олардың тізіміне жалға берілетін кеңселік, тұрғын және өндірістік үй-жайлардың болуы кіреді. Бұл үй-жайлар тәулік бойы күзетіледі, ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен, электр энергиясын қамтамасыз етуге арналған дизель генераторларымен және қызметкерлер мен келушілердің көлік құралдары үшін ыңғайлы тұрақтармен жабдықталған.