Үй-жайларды жалға беру, кейтеринг

ABE CORPORATION

ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ЖАЛҒА БЕРУ, КЕЙТЕРИНГ

Атырау Теміржол құрылыс ЖШС жалға берілетін кеңсе, тұрғын-үй және өндірістік үй-жайлар кіретін активтердің ауқымды тізбесіне ие.

Аталған үй-жайлар тәулік бойы күзетіледі, ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен, электр қуатымен қамтамасыз ету үшін дизельді генераторлармен және қызметкерлер мен келушілердің көлік құралдарына арналған қолайлы тұрақтармен жабдықталған.

Вахта кентінің аумағында келесі бар:

  • Жиһазы, теледидар, жуынатын бөлмелер және санитарлық-гигиеналық нормаларға толығымен сәйкес өзге құралдармен арнайы жабдықталған тұрғын-үй модульдері;
  • Қажетті жабдығы мен құралдары, білікті оқытылған медициналық қызметкерлері және медициналық жедел жәрдем автомобильдері бар медициналық пункт;
  • Үш уақыт ыстық тамақ беретін 200 орындық асхана. Рационына жұмыс күнінде форманы және жұмысқа қабілеттілікті ұстап тұру үшін қажетті өнімдердің қатаң теңдестірілген мөлшері кіреді;
  • Қуатты өнеркәсіптік кір жуатын машиналармен жабдықталған кір жуатын бөлме.

«Ақсайавтотранс» АҚ компаниясы түрлі тағайындалған үй-жайларды жалға беріп, Қарашығанақ кен орнының әзірлеушілерінің қажеттілігін қамтамасыз етеді:

  • Қарашығанақ кен орнының әзірлеушілерінің көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін өндірістік үй-жайлар;
  • Тәжірибелік дәрістер өткізу үшін оқыту орталығының өндірістік үй-жайлары;
  • Жабдықты, қосалқы бөлшектер мен материалдарды сақтауға арналған қоймалық үй-жайлар;
  • Техниканы қоятын және контейнерлерді сақтайтын ашық алаң;
  • Ыңғайлы әрі қолайлы бөлмелерді ұсынатын қонақүй кешені;

«Ақсайавтотранс» АҚ барлық өндірістік және басқа үй-жайлары заманауи жабдықпен, өрт дабылының жүйесімен жабдықталған және қауіпсіздік техникасы бойынша барлық талапқа сай.